ФРОНТ ОФИС-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

Палата юридических консультантов

ФРОНТ ОФИС-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

ФРОНТ ОФИС-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ. (17:57, 27 қыркүйек 2019)Әрбір азамат сотқа келіп, құқықтық мәдениетін арттырып, өзін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алуға құқылы. Осы мақсатта Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында фронт кеңсе ашылды. Салтанатты рәсімге ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов пен қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысты.

Жаңа фронт-кеңсе кеңейтілген зал, мемлекеттік қызметтің заманауи стандарттарына сай келетін технологиялық инфрақұрылыммен жарақтандырылған. Мұнда ақпараттық орталық, келіп түсетін іс-қағаздары мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Бекітілген меморандум аясында қызмет көрсететін медиатор мен адвокат кабинеттері орналасқан. Сот жұмысының жаңа форматы ашықтықты және қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағдарланған.

Жақып Асанов – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы

Елімізде 1800 судья жұмыс істейді. Олар күніне 160 мың шешім шығарады. Біз сотқа келушілерге барынша жағдай жасауымыз керек. Қазір судья болу оңай емес. Жастардың тәжрибе жинақтауына зор мүмкіндік береді, мұндай кеңселер.

Кеңсеге кіреберісте сотқа келушілер қажетті құжаттарды ұсына алады. Мамандар сотқа жүгінушілерді қарсы алып, медиаторға немесе адвокатқа бару туралы кеңес береді.

Эльмира Есимбетова – Қазақстандық Медиаторлар палатасының басшысы

Мұнда кезекшілік пен жұмыс істейміз. Кәсіби медиаторлар қызмет көрсетеді. Адвокат Шымкент соты мен адвокаттар алоқасы арасында жасалған меморандум аясында фронт-кеңесінде үнемі жұмыс істейді. Келушілерге тегін кеңес береміз.

Елбасы тапсырмасымен іске асып отырған жобаның жұмысымен танысқан Жоғарғы сот төрағасы, оң бағасын берді. Сот жүйесінің ашықтығы — азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын жеткізді. Елімізде жыл соңына дейін тағы осындай 199 кеңсе ашылады. Ал, қалған 30-ы келер жылы ел игілігіне берілмек.

Ә. Дәулетбекқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *